{metadescription}
Ақтөбеде Тәуелсіздік күнін мың бала әнұран шырқап қарсы алды
Ақтөбеде Тәуелсіздік күнін мың бала әнұран шырқап қарсы алды

Ақтөбеде Тәуелсіздік күнін мың бала әнұран шырқап қарсы алды

Әсерлі ән жүрек сезімін оятады. Ақтөбеде Тәуелсіздік күні мың бала таңын әнұран шырқап қарсы алды. Ал кәсіби әртістер дүкен мен базар аралап, патриоттық әндер шырқады.

Оқушылар мен колледж студенттері таң ата ата теннис орталығына жиналды. Қолына көк жалауша ұстаған жасөсіпірімдер уағдаласқан уақыттан кешікпеді. Қазір олар шырқаған әнұран роликтері әлеуметтік желіде тарап жатыр.

Ал ақтөбелік әртістер де мейрамда құр өткізбеді. Облыстық филармонияның камера хорындағылар сауда орындарын аралап, тұрғындар мен дүкеншілерге керемет көңіл күй сыйлады. «Атамекен» әнінен бастап, түрлі патриоттық ән шырқап берді. Кәсіби әртістердің әніне супермаркет пен базарда қосылмаған жан қалмады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде