{metadescription}
Петропавлда өткізілген балалар шығармашылығы көрмесіне жүздеген оқушы қатысты
Петропавлда өткізілген балалар шығармашылығы көрмесіне жүздеген оқушы қатысты

Петропавлда өткізілген балалар шығармашылығы көрмесіне жүздеген оқушы қатысты

Петропавлда балалар шығармашылығына арналған көрме өтті. Тәуелсіздік күніне орайластырған шараға Солтүстік Қазақстан облысының барлық ауданынан жүздеген оқушы қатысты. 

Көрме «Туған жер» деп аталады. Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйінің ең үлкен залы аталмыш іс‑шараға арнайы таңдалып алынған. «Көрмеге қойылатын оқушылардың туындылары сыймай қала ма деп ойладық» - дейді мамандар. Оқушылар шығармаларына түрлі әдіс қолданған. Көпшілік ең үлкен картон қатырмасына ермексазбен салынған суретке таңқалды. Киізбен де туған жерін керемет бейнелеген балалар бар. Туындыларын тіпті түйме мен инені де, моншақ тізіп те көркемдеген. Мамандар балалардың қиялына шектеу қоймадық деп отыр. Басты талап туған жерді суреттеу.

Любовь Фомич, СҚО балалар мен жасөспірімдер орталығының әдіскері:

Балалар туындылары арқылы туған жеріне, Отанына деген сезімін бейнеледі. Шарамыздың атын да бекерден-бекер «Туған жер» деп қоймадық. Оқушылар суреттерінде табиғатты, жылқыларды, «Бәйтеректі» көп салған. Шығармаларында елімізге қатысы бар белгілерді де кездестіреміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде