{metadescription}
Қостанай облысында мұғалімдер мінген көлік апатқа ұшырады
Қостанай облысында мұғалімдер мінген көлік апатқа ұшырады

Қостанай облысында мұғалімдер мінген көлік апатқа ұшырады

Қостанай облысында мұғалімдер мінген көлік апатқа ұшырап, үш адам көз жұмды, ал үш жолаушы ауыр жараланған. Марқұм болғандардың екеуі — мектеп мұғалімі. 

Ауыр жарақат алған үш жолаушы Әулиекөл ауданындағы аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Қайғылы оқиға кеше Қарасу ауданындағы Герцено кентінің маңында болған. Қостанай - Сұрған тасжолымен жүйткіп келе жатқан Volvo және Toyota Alphard автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан.Бірнеше адамның өмірін қиған жол апатына қатысты сараптама тағайындалып, тергеу басталды.

Анна Лазарева, Қостанай облысы әкімдігі, Білім басқармасының баспасөз хатшысы:

Өкінішке қарай, жол апатынан екі мұғалім қаза болды. Бірі Заречный мектеп-лицейінің орыс тілі пәні мұғалімі. Ал екіншісі Алтынсарин атындағы орта мектепте педогог-психолог. Олар туыстарының үйіне қыдырып бара жатқан екен. Марқұмдардың туыстарына қайғырып, көңіл айтамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.