«Тегін қызмет». Елімізде микроқаржы омбудсмені іске кіріспек
Елімізде алғаш рет микроқаржы омбудсмені іске кіріседі. Ол 21 желтоқсанда жұмысын бастап, шағын несиесін жаба алмай жүрген қазақстандықтар мен коллекторлық агенттіктер арасында туындаған дауды шешуге көмектеседі.
Автор: Мерей Қалиасқар
17.12.2024
Заң көмегіне тек жеке тұлғалар жүгіне алады және бұл іс әлі сотқа жетпеген жағдайда ғана мүмкін болмақ. Микроқаржы ұйымы омбудсменінің шешімдері 30 күн ішінде орындалуы тиіс әрі тәуелсіз төрешінің қызметі тегін екенін де атап өткен жөн. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі омбудсмендердің жұмысы микроқаржы нарығын дамытып, заңды қатаң сақтауға ынталандырады деп үміттенеді.
Айта кетейік қазір елімізде микроқаржы қызметін ұсынатын 220 компания бар.
Ғаділбек Әкім, ҚР ҚНРДА қаржы нарығы тұтынушыларының құқығын қорғау департаментінің өкілі:
— Оның негізгі мақсаты – азаматтардың құқығын қорғау және дауларды сотқа дейін реттеуге көмектесу. Ол тәуелсіз төреші ретінде әрекет етеді. Микроқаржы омбудсмені қазақстандықтардың микрокредиттерге байланысты дауларын, соның ішінде мерзімі өткен қарызды реттеп, коллекторлық агенттіктермен туындаған мәселелерді қарайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!