{metadescription}
Іле-Балқаш резерватына Ресейден тағы төрт жолбарыс жеткізіледі
Іле-Балқаш резерватына Ресейден тағы төрт жолбарыс жеткізіледі

Іле-Балқаш резерватына Ресейден тағы төрт жолбарыс жеткізіледі

Іле-Балқаш резерватына келер жылы Ресейден тағы төрт жолбарыс әкелінбек. Ерекше қорғаудағы аймаққа жуырда ғана Нидерландыдан келген екі жолбарыс жіберілген болатын. Осылайша экология министрлігі Тұран жолбарысының популяциясын қалпына келтіру жоспарына кірісіп жатыр.

Жыртқыштардың азығы да бірнеше жылдан бері дайындалып жатыр. Аумағы 400 мың гектардан асатын резерватқа 205 бас бұғы, жүзден аса құлан жіберіліпті. Елік пен қабан санын арттыру да қолға алынған. Бұл соңғы алты жылдан бері іске асып жатқан шаруа. Жоба сәтті іске асырылса, қазақ даласында тура «Тұранның» тұқымы болмаса да, 70 жылдан кейін жолбарыс жортып жүретін болады.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

«Тұран» жолбарысы біздің жақта ең соңғы рет 1948 жылы көзге түскен. Негізі бұл аң аязға төзімді. Нидерландыдан әкелінгеннен кейін қорықта өмір сүріп жатыр. Қазір екеуі де салмақ қосты. Жағдайы жақсы. Келер жылығ мүмкін 2026 жылы күшіктеуі де мүмкін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде