Ақтөбе облысында жоғалып кеткен балықшылардың денесі табылды
Ақтөбе облысында үш күн бұрын жоғалып кеткен балықшылардың денесі табылды. Олар мінген көлік өзенге құлап, суға батып кеткен.
Автор: Жаңалық Ахаш
17.12.2024
Бірге жұмыс істейтін 53 және 21 жастағы әріптестер сенбі күні жолға шығады. Олар мейрам күндері балық ауламақшы болыпты. Бірақ сол кеткеннен ізім-ғайым жоғалған. Сондықтан туыстары құтқарушылар мен тәртіп сақшыларына хабарлаған. Тіпті еріктілерден де іздеуге көмек сұрайды. Үш күн өткенде балық аулауға кеткен қос азаматтың денесі Темір ауданындағы Кенжалы өзенінен табылды. Олар мінген «Нива» көлігі қатты жылдамдықпен келіп, көпірден құлаған. Ішіндегі екі адам көліктен шыға алмай суға тұншығып өлген. Мәйіттерді сүңгуірлер шығарып алды.
Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
— Полиция жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Темір ауданы Кенжалы өзенінің Төтенше жағдай департаментінің сүңгуірлері 1971 және 2003 жылы туған екі ер адамның денесін көліктен шығарды. Алдын ала мәліметтер бойынша, «Нива» көлігі қатты жылдамдықпен келіп, көпірден құлап кеткен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!