Астанада ет өнімдерін заңсыз сату фактілері әшкереленді
Астанада мал сою цехы астыртын жұмыс істеген. Онда антисанитарияда — шығу тегі күмәнді ет өңделіпті.
Автор: Мерей Қалиасқар
17.12.2024
Ет бизнесін жолға қойған цех иесі ет сапасы туралы айтуға да келмейтін дайын өнімдерін еліміздің әр түкпіріне жөнелтіп тұрған. Рұқсат құжатсыз ет өңдеумен айналысқандардың заңсыз әрекетін Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен полиция қызметкерлері әшкереледі.
Құқық қорғау органдары өз үйінің ауласында ет саудасын қыздырып, көлденең пайданы көздеген тағы бір астаналықтың үстінен түсті.
Марк Азволинский, Астана қаласы, ПД криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы:
— Елордада ет өнімдерін сату бойынша заңсыз кәсіпорынның қызметі тоқтатылды. Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық бұзұшыларға қатысты хаттама толтырылды. Тіркелген заттың сапасын тексеру үшін сараптама тағайындалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!