{metadescription}
Биыл 5,2 миллиард теңгенің тауары тәркіленді — Жамбыл облысы 
Биыл 5,2 миллиард теңгенің тауары тәркіленді — Жамбыл облысы 

Биыл 5,2 миллиард теңгенің тауары тәркіленді — Жамбыл облысы 

Жамбыл облысында шетелдің заңсыз тауарларын ел аумағына кіргізбек болғандарға 22 қылмыстық іс қозғалды.

Экономикалық тергеу департаменті жыл басынан бері шекарадан құжатсыз кіргізілген 5,2 миллиард теңгенің тауарын тәркілеген. Мамандар тіркелмеген тауардың басым бөлігі спирттік ішімдіктер мен темекі өнімі екенін айтады. Жүк көліктерінің көбі Қырғызстанға тиесілі. Жалпы 11 айда 6 миллион 800 мың қорап темекі мен екі тоннаға жуық алкогольді ішімдік анықталып, көзін жоюға жіберілген.

Жағыпар Исатаев, Жамбыл облысы экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тергеушісі:

Бұл санаттағы қылмыстық істер ауыр емес қылмыс санатына жатады. Сондықтан сот үкімімен кеденде ұсталған тауар мен автокөлік тәркіленіп, кінәлі тұлғаларға миллиондаған айыппұл салынады. ҚР ҚК 214-бабына сай, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.