{metadescription}
Биыл 12 мың шақырым жол жөнделді — рекорд
Биыл 12 мың шақырым жол жөнделді — рекорд

Биыл 12 мың шақырым жол жөнделді — рекорд

Биыл елімізде 12 мың шақырым жол жөнделген. Бұл рекорд меже. Жолдан бөлек, жыл басынан бері көлік, энергетика көздерін жаңарту мен жаңғыртуда кешенді жұмыс атқарылды дейді көлік министрлігі.

Ләззәт Стамғазиева, ҚР Көлік министрлігінің ресми өкілі:

Жыл басында біз үш ірі инфрақұрылым жобаны және төрт жолды ерекше атап өткен болатынбыз. Шығыста орналасқан Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін 1316 метрлік көпір қолданысқа берілді. Батыс - Еуропа,Батыс - Қытай дәлізінде бітпей тұрған бір учаскесі болатын. Ол 850 метрді құрайтын Шақпақ баба асуындағы туннель құрылысы сәтті аяқталды.

Сәтті аяқталған жол құрылысының қатарында Атырау- Астрахань тас жолының 277 шақырымы, күрделі жөнделген Ақтөбе - Қандығаш бағытындағы 100 шақырым жолдар да бар.

Сондай-ақ магистраль теміржол желісінің 1400 шақырымы жөнделген. Биыл 143 жолаушылар вагоны, 185 локомотив және мың жарым жүк вагоны жаңартылды.

2024 жыл Қазақстанның энергетика саласын дамытудағы маңызды кезеңі болған. Биыл еліміздің жылу энергетикасына, жаңартылатын энергия көздеріне және электр энергетикасына айтарлықтай әсер еткен бірнеше маңызды келісім жасалған. Үкімет 2029 жылға дейін ұлттық инфрақұрылым жоспары негізінде 204 жобаны іске асырмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде