Өгей қызын зорлаған әке өмір бойына сотталды — Абай облысы
Абай облысында өгей қызын зорлаған адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сотта оның кінәсі толық дәлелденген.
Автор: Ұлан Нұрахмет
18.12.2024
Атпалдай азамат әйелінің жоқ екенін пайдаланып, жасөспірім қызды шарап ішуге мәжбүрлеп, 12 жастағы қызын қасына жатқызып, фильм көруге шақырған. 47 жастағы азғын оған зорлық- зомбылық көрсетіп, арам ойын жүзеге асырған. Оқушы қызға сексуалды сипаттағы әрекет жасағанын сотта өзі де мойындаған көрінеді. Судья өгей әкені өмір бойына бас бостандығынан айырды. Себебі, елімізде педофилдерге қатысты заң күшейтілді — қылмысы дәлелденсе, ең ауыр жазаға кесіледі.
Нияз Хасенбаев, Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы:
— Сотталушы кінәсін толық мойындап, өкінді. Сот оны кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын төтенше тәртіптегі қылмыстық-атқару жүйесінде өтеу туралы үкім шығарды. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!