Ардақ Назаров: «Киелі Түркістанда арақ ішіліп, шарап сатылмасын»
«Киелі Түркістанда арақ ішіліп, шарап сатылмасын» Мәжіліс депутаты Бұл — Ардақ Назаровтың ұсынысы. «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасын талқылау барысында сөз алған мәжілісмен, қасиетті шаһарды ішімдіктен азат етпесек, келген туристің бетіне қалай қараймыз деп сөзін толықтырды.
Автор: Айжан Шамшидин
18.12.2024
Ардақ Назаров, Мәжіліс депутаты:
— Түркістан қаласы біздің киелі шаһарымыз. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ғұламалырымз білім алған, сол жерде Яссауи сынды, Есім хан, Абылай хан сын ды әулие би-шешендеріміз жатқан жер. Сондықтан, менің ойымша, жалпы, араққа сол қала аумағында мүлдем тыйым салу керек. Біз көптеген турист шақырамыз. Әр түрлі туристер бізге келген кезде, біздің арақ ішкен, мас адамдардың шықпауына әсер етеді.
Депутат ішімдікке тек тыйым салып қана қоймай, олардың сатылуына да түбегейлі қарсы. Әулие-әмбиелер жатқан қасиетті жердің киесі ұрмас үшін шаһарға ерекше статус беріліп, өзге қалаларға үлгі қылуымыз керек деген пікірде.
Дегенмен әзірге ұсыныс ретінде көтерілген бұл бастаманы қабылдарда аса мұқият болу керек деп отыр Ұлттық экономика министрі. Нұрлан Байбазаровтың сөзінше, оң-солын таразы басына салып, талқылап, бір мәмілеге келмесе, шағын бизнес өкілдерінің зардап шегері хақ.
Ал Түркістан облысы әкімінің орынбасары өңірде кейбір ауыл бірнеше жыл қатарынан ащы судан толық бас тартқанын жеткізді. Дегенмен нақты Түркістанға қатысты пікір білдірерде, шенеунік сәл жымиып, «мәселені әлі қарастырамыз» деп қысқа қайырды.
Бейсен Тәжібаев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары:
— Негізі бастама жақсы. Біз, арнайы, Түркістан облысында осындай жобаны бастағанбыз. Бізде осындай жобаға 30-дан астам ауыл, елді мекен енген. Бірақ қазір Түркістан қаласында ақсақалдар, интеллегенция өкілдері бірқатар азамат осы бастаманы көтерген. Арақсыз қала ретінде жасайық деп. Бірақ көріп отырсыздар, бізде осы облыс орталығы құрылғалы инвестиция көлемі артты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!