{metadescription}
Гвинея-Бисау президенті: Қазақстаннан үйренеріміз көп
Гвинея-Бисау президенті: Қазақстаннан үйренеріміз көп

Гвинея-Бисау президенті: Қазақстаннан үйренеріміз көп

«Қазақстаннан үйренеріміз көп» Елімізге мемлекеттік сапармен келген Гвинея-Бисау президенті осылай деді. Бүгін Ақордада бас қосқан қос ел басшысы табиғи ресурстарды бірлесіп игеру тетіктерін талқылады.

Әсіресе темір мен фосфатты өндіруде алға қойылған мақсат көп. Қазақстан өз кезегінде Гвинея-Бисауға дәнді дақылдарды, оның ішінде астықты экспорттау бойынша бірқатар келісімшартқа қол қойып, алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты. Қос мемлекеттің дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына биыл 11 жыл. Осыған орай арнайы елімізге ат басын бұрған Умару Сисоку Эмбало Гвинея-Бисау жастарының Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алғанын қалайтынын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Біз Гвинея-Бесау республикасын Африка құрлығындағы маңызды серіктес ретінде қарастырамыз. Былтыр елдеріміздің арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 10 жыл толды. Осы кезең ішінде біз өзара қолдау мен берікке негізделген ынтымақтастық орнаттық. Серіктестікті одан әрі дамытуға зор мүмкіндік бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде