{metadescription}
«Майоттадағы жойқын дауыл». Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президентіне жеделхат жолдады
«Майоттадағы жойқын дауыл». Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президентіне жеделхат жолдады

«Майоттадағы жойқын дауыл». Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президентіне жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронға жеделхат жолдады. Майотта аралындағы жойқын дауылдан азаматтардың қайтыс болуына байланысты әріптесіне көңіл айтып, жарақат алған тұрғындардың сауығып кетуін тілеген.

Осыдан төрт күн бұрын Францияның Үнді мұхитындағы Майотта аралында алапат тропикалық дауыл көтерілген. Әзірге 22 адамның қаза болғаны белгілі, 1400 адам зардап шекті. Жоғалып кеткендер де бар. «Шидо» деп аталатын циклон әкелген дауылдың жылдамдығы сағатына 220 шақырымнан асып, тұрғындар электр қуатынсыз қалған. Қатты дауыл 300 мыңнан астам ғимараттың шатырын жұлып әкеткен. Тұрғын үйлер мен мемлекеттік мекемелер, аурухана ғимараттары апатты күйге түскен. Ал еңбек мигранттары тұрып жатқан лашықтардан түк қалмаған.

Қазір аймақта азаматтық қауіпсіздік қызметкерлері мен әскерилер өрт сөндірушілер жұмыс істеп жүр. Қираған кейбір аудандарға құтқарушылар жете алмай жатыр. 90 жылда болмаған апаттан соң, Майотта аралында енді ауру жайлауы мүмкін. Қазірдің өзінде азық-түлік пен ауызсу тапшылығы туындыған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.