{metadescription}
Мәжілісмен Нартай Сәрсенғалиев құмар ойындар жарнамасы мәселесін көтерді
Мәжілісмен Нартай Сәрсенғалиев құмар ойындар жарнамасы мәселесін көтерді

Мәжілісмен Нартай Сәрсенғалиев құмар ойындар жарнамасы мәселесін көтерді

«Қоғамдық көліктер мен билбордтарда құмар ойындарға қатысты жарнама болмауы керек" деген заңға кей әкімдіктегілер неге мойынсұнбай отыр? Бүгін мәжілісмен Нартай Сәрсенғалиев осындай мәселе көтерді. Керек десеңіздер, құзырлы органдарға мұндай мазмұндағы сыртқы жарнаманың қаншасы жойылғаны жөніндегі ақпаратты жасырып отыр дейді депутат.

Мәжілісменнің айтуынша, 8 шілдеде қабылданған «Ойын бизнесі туралы» заңды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі жуырда ғана оқығандай. Себебі, қалада казино мен құмар ойындарын қызылды-жасылды жарнамалаған билбордтар тек қарашаның соңында демонтаждалған. Ал Алматы мен Шымкент қалаларының, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облысының әкімдіктері құзырлы органдардың ресми сұрауына жауап беруден жалтарады дейді депутат. Премьер-министрге жолданған сауалында халық қалаулысы сотталған, бірақ бас бостандығынан айырылмаған азаматтарды да құмар ойындарын ойнауға тыйым салынған азаматтардың тізіміне қосуды сұрады.

Нартай Сәрсенғалиев Мәжіліс депутаты:

Көпшіліктің көз жасынан ақша тапқандар заңды айналып өтудің түрлі әрекетін жасап бағуда. Өйткені темірдей тәртіпті ұстаған мемлекеттік органдардың еңбегінде кемшілік көп. Қолданыстағы заңда көшеде, билбордта, құмар ойынға қатысты жарнама болмауы керек деген жарнама бар. Дегенмен әкімдіктегілер аталған заң нормасын орындауға асықпай отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде