Ақмола гарнизонының қызметкері 8 жастағы баланы зорламақ болған
Ақмола гарнизонының қызметкері педофилия бойынша күдікке ілінді. Қорғаныс министрлігіне қарасты бөлім офицерінің Астанадағы ауруханалардың бірінде 8 жастағы баланы зорламақ болды деген ақпарат тараған. Бүгін ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов күдіктінің ұсталып, тергеудің басталғанын мәлімдеді.
Автор: Мерей Қалиасқар
19.12.2024
Санжар Әділов, ҚР Ішкі істер вице-министрі
— Бұл ақпаратты растаймын. Қазір әскери қызметкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол қамауға алынды, сот санкциясымен. Тергеу жүргізіліп жатыр және қылмыстық іс бақылауда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
Серіктестер жаңалықтары