{metadescription}
Есірткі тасымалдап, оны қуыс-қуысқа тыққан курьерлерге жаза жеңілдетіледі
Есірткі тасымалдап, оны қуыс-қуысқа тыққан курьерлерге жаза жеңілдетіледі

Есірткі тасымалдап, оны қуыс-қуысқа тыққан курьерлерге жаза жеңілдетіледі

Жеңіл табысты ойлап есірткі тасымалдап, қуыс-қуысқа тыққан курьерлерге жаза жеңілдетіледі. Оған мүмкіндік беретін заң жобасын бүгін Сенат мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберді. Жұмсартылған жаза — салдарына көз жеткізбей, жеңіл-желпі әрекетке барған жастарға ғана қатысты.

Наурызбай Байқадамов, Сенат депутаты:

297-баптың 1-бөлігіндегі мәселеде 10 жылдан 8 жылға дейін, екінші, ірі көлемде  болған жағдайда 12 жылдан 10 жылға дейін, аса ауыр және ұйымдасқан жағдай 15 жылдан 17 жылға дейін. Былай түсіндіргенім дұрыс болар, шартты түрде мерзімін өтеу үшін мерзімінен бұрын босатуға байланысты осындай баптар ұсынылып отыр.

Есесіне, қылмыстың басында тұрған серкелеріне жауапкершілік едәуір қатаңдатылған. Есірткі бизнесін ұйымдастырушылар мен психотроп зат өндірушілер үшін бас бостандығынан айыру мерзімі өмір бойына дейін ұлғайтылмақ. Қызмет бабын пайдаланып қылмыс жасаған лауазымды адамдардың мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Бұл негізінен есірткімен күрес жүргізуі тиіс тәртіп сақшыларына қатысты.

Қатаңдатылған жаза қызмет бабын теріс пайдаланушылыққа қарсы тежеуші фактор болады деп сенеді сенаторлар.

Заң аясында қылмыстық топпен құрамында есірткі бар өсімдіктерді аса ірі көлемде заңсыз өсіргені үшін 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы енгізіледі. Заңға президент қол қойса, жазасы жеңілдетілген санатқа жататын біраз қыз-жігіт бостандыққа шығып қалуы мүмкін.

Санжар Әділов, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

Жаңа нормаларға сәйкес, мыңнан астам сотталғандар шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға құқығы бар. Бүгінгі күні жалпы 3700-ден астам қылмыстық іс тергелуде. Оның ішінде жасөспірімдерге қарсы 49 қылмыстық іс қозғалып, 9 жасөспірім қамауға алынды. Біздің қызметкерлеріміз нашақорлыққа қарсы криминоген ахуалды қатаң бақылауда ұстайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.