Кәріз жүйесін жаңалағанмен, миллиардтаған теңге желге ұшқан
Еліміздің кәріз жүйесін толық цифрландырмаса, кеткен тиынның есебі болмайды. Жоғары аудиторлық палата жыл сайын ескі құбырды жаңасына алмастырғанымен, іс жүзінде миллиардтаған теңгенің желге ұшқанын жеткізді.
Автор: Айжан Шамшидин
19.12.2024
Аудиторлардың есебінше, елдегі 67 қалада кәріз тазарту станцияларын жаңғыртып, жөндеуге келмегенін қайта салу керек болса, 27 шаһарда тіпті мұндай жүйе атымен жоқ. Ал мемлекет қазынасынан мииллиондар емес, миллиардтар бөлінген кейбір станциялар кәріз тораптарының болмауынан іске қосылмай, жылдар бойы қаңырап тұр. Инфрақұрылымның тұралап қалуына шенеуніктер тарифтің төмен екені де әсер етуі мүмкін деп отыр. Сондықтан тығырықтан шығар бір жол ретінде еліміздің бас аудиторы Әлихан Смайылов цифрлық мүмкіндікті пайдалуды ұсынды.
Әлихан Смайылов, ҚР Жоғары аудитор палатасының төрағасы:
— Жалпы қазіргі заманның мүмкіндіктерін пайдаланбай, сенімді ақпаратсыз, шығын көлемін нақты анықтау мүмкін бе? Аймақтар бойынша, шалғайдағы ауылдар бойынша толық мәлімет білу үшін міндетті түрде жүйені цифрланлыру керек. Сол кезде ғана нақты, қай өңірде, қай нысанның тозығы жеткенін білеміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!