{metadescription}
Уақыт ауысқалы құрылысшылар да қолайсыздық көріп жүр
Уақыт ауысқалы құрылысшылар да қолайсыздық көріп жүр

Уақыт ауысқалы құрылысшылар да қолайсыздық көріп жүр

Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне ауысқалы, құрылысшылар да қолайсыздық көріп жүр. Бүгін «Атамекен» палатасына жиналған осы саладағы бизнес өкілдері еңбек өнімділігі төмендеп, шығын еселей түскеніп айтып шағымданды.

Талғат Ерғалиев, Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы:

Түс ауа сағат 3 пен 4 арасында қараңғы түсе бастайды. Ойлаңыз, қараңғыда қандай сапалы жұмыс жүреді? Бизнесте, ең алдымен, еңбек өнімділігі керек. Тіпті нысанға жеткізілген құрылыс материалдарын қабылдау да оңай емес. Біз, кәсіпкерлер, еліміздің төрт бұрышында, сағат тілін бұрынғыша орнына қойса дейміз.

Таңның ерте атып, күннің ерте батқанынан құрылысшылардың биологиялық ырғағы төмендеп, жұмысқа деген ынтасы жоғалады дейді бизнесмендер. Ал қалыпты еңбек жағдайын жасау үшін электр жарығын пайдалану да қосымша шығын.

Десе де жауапты министрліктер бірыңғай уақыттың жақсылығын тізуден жағылған емес. Мәселен, сағаттың өзгеруін зерттеген денсаулық сақтау министрлігі ғалымдар әзірге нақты тоқтамға келген жоқ деп санайды. Өйткені сол зерттеудің өзі әлі толық аяқталмаған. Оны келер жылдың наурызына дейін аяқтауды мәжіліс депутаттары да талап еткен болатын. Ал оқу-ағарту министрлігі, керісінше, сағаттың жылжығаны оқушыларға қолайлы болды деп отыр. Ұйқысы қанған баланың үлгерімі де жақсы болады деп сенеді олар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде