{metadescription}
Елімізге 17 миллиард теңгенің мандарині жеткізілген
Елімізге 17 миллиард теңгенің мандарині жеткізілген

Елімізге 17 миллиард теңгенің мандарині жеткізілген

Қазақстанға 17 миллиард теңгенің мандарині әкелінген. Тоғыз айда бұл қаражатқа 52 мың тонна цитрус жемісі жеткізіліпті.

Жалпы импорттың 54 пайызға жуығы Қытайға тиесілі. Одан кейін Пәкістан тұр. Ал Түркиядан бес мың тоннаға жетер-жетпес мандарин импортталып, үшінші орында тұр. Өткен жылдардағыдай сөрелерде самсап тұратын марокколық мандарин биыл көрінбейді. Бірақ бұл жеміс биыл Қазақстанға 37 пайызға көбірек жеткізілген. Көлемі артқанымен, бағасы сол қалпында. Орта есеппен әрбір қазақстандық жыл басынан бері цитрус жемісінің бір жарым келісін сатып алған. Қытайда өсірілген цитрустың келісі Алматыда 1000-1600 теңге аралығында. Түркия мен Мароккодан әкелінетін цитрус жемісі 1500 теңгеге саудаланып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде