{metadescription}
Ақтөбе облысы: Сегіз адамның өліміне себепші болған Беларусь азаматы сотталды
Ақтөбе облысы: Сегіз адамның өліміне себепші болған Беларусь азаматы сотталды

Ақтөбе облысы: Сегіз адамның өліміне себепші болған Беларусь азаматы сотталды

Ақтөбе облысында сегіз адамның өліміне себепші болған шетелдік сотталды.  Беларусь азаматы енді бес жыл өмірін еліміздегі түрмеде өткізеді.

Осыдан төрт ай бұрын ол жүк көлігімен Toyota Ipsum машианасына соғылған.  Жеңіл көлікте Маңғыстау өңірінде өтетін футболдан жасөсіпірімдер арасындағы жарысқа бара жатқан 6-7 сыныптың бес оқушысы мен үш ересек адам болыпты. Барлығы апаттан қаза тапты. Арасында екі ұлы мен әкесі де бар. Осылай бір шаңырақтың азаматтары түгел мерт болды. Сот процесі кезінде жүк көлігін тізгіндеген шетелдік кінәлі екені анықталды. Ол жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Кінәсін де сотта толық мойындады.

Алтынбек Сабыров, судья:

Соловьев Сергей Юрьевичті ҚР ҚК 345-бабы 4‑бөлігімен құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған бес жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылсын. Жәбірленушілердің азыматтық талап-арыздары ішінара қанағаттандырылсын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде