{metadescription}
Маңғыстау: Құрық портында мыңнан астам жүк көлігі кептелісте тұр
Маңғыстау: Құрық портында мыңнан астам жүк көлігі кептелісте тұр

Маңғыстау: Құрық портында мыңнан астам жүк көлігі кептелісте тұр

Маңғыстаудағы Құрық портында мыңнан астам жүк көлігі кептелісте тұр. Азық-түлік пен басқа да тауарлар тіркеген фуралар осы порт арқылы Әзірбайжанға жетіп, одан әрі Грузия, Түркия, Еуропа мемлекеттеріне жөнелтілуі қажет. Алайда ауа райына байланысты шекарадан шыға алмай тұр. Порт басшылығы көліктердің ұзын-сонар кептелісі ақпан айына дейін жалғасады дейді. 

Ауа райының қолайсыздығына байланысты өткен қараша мен желтоқсан айында порт жабық болған. Кептелістің екінші себебі – Құрық портындағы паромдар Әзірбайжанға тиеселі. Көліктерді Каспий арқылы тасымалдайтын сол паромдардың екеуі қазір жөндеуде. Сондықтан порт басшылығы кептелісті азайту үшін вагонға тиелген жүктерді тасымалдауды тоқтатқан.

Бақыткерей Әлібеков, Құрық порты директорының пайдалану жөніндегі орынбасары:

  Үшінші себебі геосаясатқа байланысты. Нақты айтқан кезде, Ресей мемлекетіне салынған санкциялар мен Ресей салған кері санкция жағдайына байланысты көптеген транзит жүк көліктері біздің порт арқылы өтіп, жүктер артылып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.