{metadescription}
Қарағанды облысында газ баллоны жарылып, бір отбасы далада қалды
Қарағанды облысында газ баллоны жарылып, бір отбасы далада қалды

Қарағанды облысында газ баллоны жарылып, бір отбасы далада қалды

Қарағанды облысында газ баллоны жарылып, бір отбасы баспанасыз қалды. Оқыс оқиға Центральное ауылында болған. Қатты жарылыстан үйдің шаңырағы опрылып ортасына түсіпті. Абырой болғанда адамдары аман. Апат кезінде үйде екі жасар бала мен анасы болған.

Центральное ауылындағы бұл отбасы бес литрлік газ баллонын Теміртаудан алып келіпті. Таң ата сол гүрс ете түскен. Бірақ от тұтанбапты. Апат болған кезде үйдің үлкен балалары сабаққа, отағасы жұмысқа кеткен. Екі жасар бала мен анасы ас үйден алыс, шеткі бөлмеде болып аман қалды.

Дилбар Хидирова:

Жарылыс болғанда балам құр майкімен, жөргекпен жүрген. Кішкентайымды көтеріп, өзім де жатарда киетін киімімен, жалаяң аяқ көршілерге жүгіріп бардым. Газ баллонын қоспаған едік. Пештен бір жарым метрдей жерде тұрды. 

Қазір ортасына түскен үйдің түгі қалмады. Қабырғалары да құлайын деп тұр. Құтқарушылар аршып жүріп үй иесінің құжаттарын тауып берген. Төрт ұлымен енді уақытша қонақ үйді паналап отыр. Ал жапсарлас орналасқан шаңырақтың тұрғындары да үйрейлі. Жарымыз жарылып, астында қаламыз ба деп қауіптенеді.

Василий Харитонов:

Жарылыс болғанда үйімде отырғанмын. Қуаты мықты болды. Үсті-басымды шаң басты. Қабырғалар ажырап, жарылып жатыр. Енді осында тұруға қорқып отырмыз.

Құтқарушылар газ баллонын дұрыс сақтамаған деп отыр. Үй иесі мойындамаса да, суықтан келген бойда баллонды пешке қосқанынан жарылыс болғанына мамандар сенімді.

Құрмет Жұмекенов, Қарағанды облысы ТЖД басқарма бастығының орынбасары:

Газ баллоны бір күн бұрын толтырылып, үйге келгеннен кейін суық бөлмеге қойылған болатын. Сол суық бөлмеде ертеңіне таң ертеңгілік үй иесі тамақ қоюға газ плитасын қосады да, өзі үйіне кіріп кетеді. Кішкентай баласы болған. Бірнеше уақыт өткеннен кейін жарылыс орын алады.

Жергілікті әкімдік ауылдағы көрші көшеде тұрған бос үйді отбасына береміз деп отыр. Әзірге коммуналдық меншіктегі жалдамалы пәтер ретінде рәсімдемекші. Кейін басыбайлы жекеге аударып береміз дейді шенеуніктер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.