{metadescription}
Ескерту: Шекті қаражатты алам деп, бар зейнетақы жинағынан айырылып қалма
Ескерту: Шекті қаражатты алам деп, бар зейнетақы жинағынан айырылып қалма

Ескерту: Шекті қаражатты алам деп, бар зейнетақы жинағынан айырылып қалма

Шекті мөлшерден асатын қаражатыңызды пайдаланамын деп, бар жинағыңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларға осындай ескерту жасады.

Соңғы уақытта жинақтың жеткілікті шегінен асатын ақшаны алуға көмектесетін делдалдар көбейген. Олар қаражатты төмен пайызбен шығарып береміз деп қызықтырады. Бұл қызметті әлеуметтік желілер мен хабарландыру платформаларында жарыса ұсынуда. Мұндай күмәнді адамдарға жеке деректі сеніп тапсыру қауіпті дейді зейнетақы қорындағылар. Яғни оны алаяқ өз мақсатына қолданып кетуі бек мүмкін. Бұл ретте қордағылар жинақты алу тек белгілі жағдайда ғана мүмкін екенін тағы еске салды. Оны тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделуге алуға болады. Онда да тек заңмен белгіленген шарт бойынша. Жинақты мақсатты пайдалану екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады. Ады, бұл үшін ешқандай делдал қажет емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде