{metadescription}
Астана әкімі: Жаңа жылдық безендіруге 670 миллион теңге — аз
Астана әкімі: Жаңа жылдық безендіруге 670 миллион теңге — аз

Астана әкімі: Жаңа жылдық безендіруге 670 миллион теңге — аз

Алматыға қарағанда, жаңа жылдық безендіруге 130 миллион теңге азырақ бөлінген Астана да мерекеге өтуге дайын. Әкім Жеңіс Қасымбек бас қаланың барлық сән-салтанатын келтіруге 670 миллион теңге тіпті аздық етеді деп отыр. Десе де 31 желтоқсанда астаналықтар мен қала қонақтары үшін отшашу болады.

Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:

 Биыл да, былтыр да жұмсалған қаражат көлемі бірдей. Биыл 670 млн теңге болды. Алдында мен айтып кеттім. 30 шақты алаң абаттандырылды, арнайы, жаңа жылды қарсы алу үшін. Мысалы, «Астана аренаның» қасындағы шыршаға 4-5 сағаттың ішінде, 15 мың адам сол жаққа барып балалармен демалды. Жалпы қалада тұратын халықтың көңіл күйін көтеру үшін ол көп қаражат деп есептемеймін.

Биыл Астанада 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылыпты. «Бұл жұмыс қаланың барлық ауданында жүргізілді» деген әкім алдағы уақытта Abu-Dabi Plaza кешенінен Ботаникалық саябаққа дейінгі алаңда ерекше гүлзар болатынын жеткізді.

Сондай-ақ алдағы жылдары, жырға айналған Талдыкөл аумағында экопарк ашылмақ. Әкімнің жылдық есебінде Астанадағы болашағы мұңға айналған Мұңайтпасов стадионы сөз болды. Жеңіс Қасымбек келер жылы нысан толық сүріліп, орнына халықаралық стандартқа сай бірегей стадион салынатынын атап өтті.

LRT құрылысы бойынша жұмыстар да айтарлықтай жеделдепті. Мәселен, қазір эстакада бөлігінің құрылысы аяқталып, 18 станцияның құрылысы жүргізілуде. Қала тұрғындары LRT-ның игілігін 2026 жылдың басында көреді деп болжануда. «Бағасы да тиімді болады» деп сендірді Қасымбек. Қала басшысы қоғамдық көліктердегі билет құнына қатысты шағымға да жауап берді.

Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:

  12 жылдың ішінде еш өзгеріс болған жоқ. Бірақ мынау жүргізушілердің айлығы, бензин бағасы, бәрі өзгерді ғой. Сондықтан бұл баға қазір 110 емес, нақты санасақ, 300 теңгеден асады. 200 теңгені біз қазір жергілікті бюджеттен субсидия ретінде әр жолаушыға төлеп отырмыз. Ол проблема бар. Оны біз біліп отырмыз және жергілікті бюджет арқылы ол мәселені шешіп отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде