Таразда балалар ауруханасының жертөлесінде томография аппараты өртенді
Таразда балалар ауруханасынан шыққан өрттің неден тұтанғаны белгілі болды. Түнгі уақытта емдеу мекемесінің жертөлесіндегі томография аппараты өртенген. Құтқарушалыр тез арада елуге жуық адамды қауіпсіз жерге көшірді.
Автор: Сәбит Әлдебай
20.12.2024
Оқыс оқиға кеше кешке болған. Куәгерлердің айтуынша, науқастар томографияға түсуге кезекте тұрғанда медициналық жабдықтан түтін шығып, лезде от тұтанған. Абырой болғанда, адамдар қауіпсіз жерге шығып үлгерді. Төтенше жағдайлар қызметі жедел жетіп, жоғарғы қабаттағы науқастарды эвакуациялады. Қорқып қалған олар арнайы автобустарда бір сағатқа жуық отырған. Олардың басым бөлігі — балалар.
Карина Карташова, Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру бөлімінің қызметкері:
— Құтқарушалардың көмегімен 42 адам, оның ішінде 30 бала эвакуациланды. Оқиға орнына 46 адам жеке құрам және 14 техника жұмылдырылды. Ешкім зардап шеккен жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!