«Кореядан көлік әкеліп беремін». Жұртты алдаған күдікті Ресейден экстрадицияланды
Аңғал азаматтардың 145 миллион теңгесін қалтасына басқан. Жұртқа Кореядан арзан автокөлік әкеліп беремін деп, ізім-ғайым жоғалған тұрғын Ресейден экстрадицияланды.
Автор: Әсем Лесбек
20.12.2024
Бас прокуратураның мәліметінше, ол көрші елдің Краснодар өлкесінде жасырынған. Ал осы қылмыстық іс бойынша алты жәбірленуші бар. Оларға күдікті былтыр Оңтүстік Кореядан автокөліктерді нарық бағасынан төмен етіп жеткізуге уәде берген. Сөйтіп жұрттың миллиондаған қаражатын жымқырып елден қашыпты. Енді осы әрекеті үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ерлан Жанпейісов, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:
— Биыл сәуірде ол Ресей Федерациясының Краснодар өлкесінде ұсталып, содан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша өз еліне экстрадицияланды. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!