Алматыда синтетика наша өндірісімен айналысқан жас жұбайлар ұсталды
Есірткіні бизнеске айналдырған жас жұбайлар. Алматыда синтетикалық наша өндіріп сақтаумен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
20.12.2024
Күдіктілер заңсыз әрекетін Тelegram мессенжері арқылы жүзеге асырып келген. Желіде куратор оларға есірткі дайындау мен сатудың алгоритмін көрсетіп отырыпты. Алдымен синтетикалық есірткі дайындап, қаптап, кейін оны сатуға жіберіп отырған.
Ерлі-зайыпты Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздігі комитетінің есірткі қылмысына қарсы бірлескен жұмысының нәтижесінде ұсталды.
Данияр Мейірхан, ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары:
— Үйді тінткен кезде 270-ге жуық доза, сонымен қатар, қажет компоненттер мен құрал-жабдық тәркіленді. Тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!