Сатылып жатқан петарда мен тарсылдақтар тексеріліп жатыр
«Отшашумен ойнама». Жаңа жыл қарсаңында еліміздегі дүкендер мен базарларда петардалар мен тарсылдақтар түгел тексеріліп жатыр. Себебі: отшашу жасаймыз деп оқыс жағдайға тап болатындар көп.
Автор: Жаңалық Ахаш
20.12.2024
Отшашудың шыққан зауытын растап, арнайы құжаты барын ғана сатуға рұқсат. Ал астыртын сататындардың тауары тәркіленіп, сол бойда айыппұл салынады. Бір Ақтөбе қаласының өзінінде осындай 14 саудагер анықталды. Оларға салынған айыппұл көлемі 600 мың теңгеден асады. Құжаты жоқ отшашу — қауіпті дейді құтқарушылар. Жарылатын қоспасына не салынғанын, қалай қолдану керек екені көп жағдайда қорабында жазылмайды. Сол петарда кесерінен өрт шығып, адамдар күйік немесе көз жарақатын алуы мүмкін дейді мамандар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!