{metadescription}
Ақтөбе облысында жолды қардан тазаламаған мердігерлерге айыппұл салып жатыр
Ақтөбе облысында жолды қардан тазаламаған мердігерлерге айыппұл салып жатыр

Ақтөбе облысында жолды қардан тазаламаған мердігерлерге айыппұл салып жатыр

Ақтөбе облысында жолдағы қарды тазаламаған мердігерлер жаппай жазаланып жатыр. Тендер ұтқан компаниялар трассадағы тазалыққа немқұрай қараған.

Республикалық маңызы бар жолдар қар жауған бойда төрт сағат ішінде тазартылуға тиіс. Облыс пен қала ішіндегі жолдарды мердігерлер қардан 5-6 сағатта аршып болуы шарт. Бірақ қардың жолға үйілгенін күтіп, жұмысына асықпай кірісетіндер жетерлік дейді тәртіп сақшылары. Ақтөбе облысы бойынша 25 мердігер қарды дер кезінде тазартпағаны үшін айыппұл арқалады. Әзірге әр компания мен оның басшысына салынған айыппұл көлемі жүз мың теңгедей. Ақтөбе қаласының шетіндегі елді мекен жолын айтпағанда, халықаралық Самара - Шымкент трассасының Ақтөбе өңірі аумағындағы бөлігі жөнді тазартылмапты.

Еркін Өтеген, Ақтөбе облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:

Республикалық жолдарда, халықаралық Самара - Шымкент автожолында қазір реконструкция жүріп жатыр. Осындай сұрақ көп болып тұр, ауа райының қолайсыздығы жолда білінеді. Облыстық маңызы бар жолдарда, Шұбарқұдық – Ойыл -Сольилецек жолында осындай мәселе бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде