Астана іргесіндегі Жібек жолы тұрғындары ауызсуға жарымай отыр
Астана іргесіндегі Жібек жолы кентінінің тұрғындары ауызсуға жарымай отыр. Елді мекенде су магистралі бар, бірақ жұрт жиі істен шығатын құбырдың барынан жоғы дейді. Әсіресе қыстың көзі қырауда жиі тіршілік нәрінсіз қалады екен.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
20.12.2024
Алмагүл Шәйкенова, Жібек жолы кентінің тұрғыны:
— Негізі Жібек жолы ауылының тұрғындары ауызсу жетіспейтінін түгел көріп отыр. Мәселен, біз үйімізге келіп тұрған суды тарттық, сол кезде сыртта құбыр жарылып қалды. Өз есебімізден жөндеуге де дайын болдық. Бірақ әкімдік сұраған арнайы техниканы бермеді.
Елордадан 15 шақырым жердегі кенттің 12 мың халқы бар. 15 жыл бұрын ғана тартылған су құбыры неліктен жиі істен шығатынын тұрғындар түсінбейді. Айтуларынша, әр үйге тартылған тіршілік нәрінің сапасы да нашар. Жер үйлердің көбінде электрмен жұмыс істейтін ұңғыма бар. Бірақ жарық жиі сөнетіндіктен оны да пайдалана алмайтын көрінеді. Ал бір орталықтан берілетін су магистраліне қосылуға да жүрексінеміз дейді кейбір тұрғындар. Ауылдағы проблеманы әкім ғана көрмейтін көрінеді.
Қанат Қанафин, Жібек жолы ауыл округінің әкімі:
— Техникалық апат болады. Сол уақытта шешіледі. Барынша 3-4 сағат болады. Үш жоба бар. 6-7-8 шағынауданға тартылды. Келесі жоба 5-10-11-9 шағынаудардарға тартылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!