{metadescription}
Петропавлда көзіне пышақ кіріп кеткен үш жасар сәбидің жағдайы ауыр
Петропавлда көзіне пышақ кіріп кеткен үш жасар сәбидің жағдайы ауыр

Петропавлда көзіне пышақ кіріп кеткен үш жасар сәбидің жағдайы ауыр

Петропавлда көзіне пышақ кіріп кеткен үш жасар сәбидің жағдайы ауыр. Ауруханаға дереу жеткізілген баланы аман алып қалу үшін дәрігерлер бар күшін салып жатыр.

Нұрлан Айманов, СҚО көпбейінді балалар ауруханасының директоры:

Жағдайы ауыр. Жедел түрде жансақтау бөлімшесіне орналастырылды. Керекті барлық емдеу жүргізілді. Дәрігерлер консилиум жасап, КТК жасалынып, мамандармен келісім жасап, операцияға көрсеткіші жоқ. Бүгінгі таңда алты сағат сайын нейрохирургтар мен офтальмологтармен консультация алып қажет жатырмыз. Бүкіл қажет ем-шара жүргізіледі. 

Ойын баласы ас үйде жүріп пышаққа құлапты. Осы сәтте жанында анасы да болған. Бірден жедел жәрдем шақырып ауруханаға жеткізгенше, сәбидің жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне жатқызылған. Дәрігерлер баланың көзі зақымданбаған дейді. Пышақ жанарының үстінен өтіп, миының ортасына дейін жеткен. Қазір сәбидің өмірі үшін арпалысып жатқан дәрігерлер болашақта бұл жарақатының денсаулыққа қандай әсері болатынын айта алмай отыр. Ал полиция баланың неден жарақат алғанын анықтауға кірісті.  

Әдемау Меңдібаева, СҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы: 

Полиция бөлімішесіне үш жасар баланың ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілгені туралы ақпарат түсті. Петропавл қаласының полициясы баланың жарақат алу себебін анықтауда. Алдын ала болжам бойынша, бұл жағдай оқыстан болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде