{metadescription}

Алматыда ерлі-зайыптыны атып кеткен үй тонаушы табылмай жатыр

Алматыда үй тонауға келіп, ерлі-зайыптыны атып кеткен қаскөй табылмай жатыр. Элита санатындағы тұрғын үй кешенінде бақылау камерасы толып тұрғанымен, біреуі де істемейді екен. Сондықтан күдіктінің түр-әлпетін де дереу анықтау мүмкін болмапты. Ал қарақшыға қарсылық танытып, оқтан жараланған күйеуі мен әйелі қазір ауруханада жатыр. Бірнеше ота жасалып, жағдайы жақсарған.

Қаланың жоғарғы жағындағы Nef Uptown кешеніндегі қылмыс жұма күні таңда болған. Қара киініп қаруланып алған ұры пәтерге айламен кіріп алыпты.

Болжам бойынша күдікті пәтерге кірмес бұрын, іштегі жарықты дәл осы жақтан өшірген. Полицейлердің саусақ ізін алғанынмына қызыл бояудан байқауға болады. Менің де ізім қалмас үшін енді осылай ішін ашып көрсетейін. Жарықты осы жақтан өшірген сияқты. Сөйтіп қаскөй уақыт өткізіп барып, жарықсыз қалған үй ішіне өзін «электрикпін» деп таныстырып, есігін ашып алған.

Кіреберістегі қабырға тесіліп, жарылып кеткен. Еден мен жиһаз қып-қызыл қан. Атыстан кейін түсірілген бұл видеодан ерлі-зайыптының ұрымен біраз алысқанын аңғаруға болады.

Үндемей кіріп келген. Бір соққан. Сөйтіп, жатқызған. Байлап жатқан кезде күйеуі шыққан. Сол кезде екеуі төбелескен. Сол кезде әйелі пышаққа барған. Сол кезде үш рет атқан ғой. Мына жақта балалармен қар күреп жатқанбыз. Еркек «бізге шабуыл жасап жатыр» деп айқайлады. Біз жүгіріп бардық.

Тапаншаның оғы, көршілерінің айтуынша, 40 жастағы әйелдің кеуде тұсы мен білегіне, 39 жастағы күйеуінің қолына тиген. Екеуі ауыр халде ауруханаға жеткізіліпті. Ер адамға бірден ота жасалып, аман қалды. Қазіргі жағдайы орташа деп бағаланған. Енді операцияға әйелі де түсейін деп тұр.

Рамазан Әскеров, №7 аурухананың бөлім меңгерушісі:

40 жастағы пациент №7 клиникада политравма бөлімшесінде стационарлық деңгейде емделіп жатыр. Сол жақ білек анотомиясын қалпына келтіру үшін ота жоспарланады. 

Тергеу мәліметінше, қаскөй пәтерді тонамақ болған. Алайда жоспары жүзеге аспаған соң, полицейлер жеткенше ізін суытып үлгеріпті. Оның қай бағытқа қарай қашып, қайда жасырынып жатқаны белгісіз. Тұрғын үй кешенінде бақылау камералары болғанымен, олар істемейді. Күдікті үш күннен бері табылмай жатыр.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

Наурызбай ауданы ПБ қылмыстық іс қозғалды. Бұл қылмысты ашуға бағытталған кешенді тергеу, іздестіру жүргізілуде.

Оқтан жараланған отағасы сақтандыру компаниясында жұмыс істейді екен. Ал әйелі үйде бала бағып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.