{metadescription}
Депутаттар әуе қатынасында бұрын жарияланбаған біраз былықтың бетін ашты
Депутаттар әуе қатынасында бұрын жарияланбаған біраз былықтың бетін ашты

Депутаттар әуе қатынасында бұрын жарияланбаған біраз былықтың бетін ашты

«Шаңыраққа қараңыз». Мұндай ескертуді бүгін Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин "Эйр Астана" әуе компаниясының басшысына жасады. Питер Фостер көлік министрлігіне арналған үкімет сағатына келген болатын. Депутаттардың әуе компаниясына талап-арызы жиналып қалыпты. Министр Марат Қарабаевтан бұрын Фостерге сұрақты жаудыртты. Тек оның жауабы мәжілісмендерге ұнаған жоқ. Билет бағасы мен кешігіп ұшқан ұшақ билетіне өтемақы алу жолдары талқыға түскен жиынға КТК тілшісі қатысып келді.

Мәжілісте бүгін көлік министрлігінің үкімет сағаты болғанымен, депутаттардың алақанын ысқылап, асыға күткен қонағы Марат Қарабаев емес. «Эйр Астананы» 2005 жылдан бері басқаратын Питер Фостердің өзі алғаш төбе көрсетіп отыр. Бірақ қолға түсе бермейтін қонаққа төпелеп сұрақ жаудырған депутаттарға Фостер мырзаның жауабы да, отырысы да ұнаған жоқ.

Еділ Жаңбыршин Мәжіліс депутаты:

Біз қарайған айыппұл төлейміз. Сіз күлмеңіз. Сіз бізді менсінбей отырсыз. Осы жерде отырып алып, біз сізге абориген емеспіз, Африкадағы, ештеңені түсінбейтін. Мына «Эйр Астананы», лоукестерді дұрыстап, майшаммен қарау керек. Фостер мырза, мынау шаңыраққа қараңыз. Сіз осы мемлекет заңына бағынуыңыз керек. Ақшаны барлығымыз да жақсы көреміз. Бірақ ақша жасаймын деп, билет бағасын көтере беремеңіз. ГСМ-ның бағасы күнде өсіп жаттқан жоқ. Біздің территория күнде резинка сияқты созылып бара жатқан жоқ.

Лоукестер ретінде нарыққа енген «Флай Арыстанның» да былықтары жіпке тізілді. «Арзан билет аламын деп сайтқа кіре қалсаң, бақыр да жоқ» деген мәжілісмендер «Эйр Астананың» билеттері орынсыз қымбат дейді. Оның үстіне, өзіңізге тиесілі өтемақыны алу қиямет қайыммен тең.

Нұргүл Тау, Мәжіліс депутаты:

«Эйр Астана» екі сағат бұрын хабарлама жібереді, кешігеді деп. Одан кейін тағы бір 50 минуттан кейін, тағы да кешігеді деген. Сіз ол кезде әуежайда күтіп отырасыз. Тағы бір сағаттан кейін, тағы айтады. Бірақ алты сағаттан асырмайды. Ол жерде ақша сізге қайтарылмайды. Мен жібердімғ сол кездеғ барлық сайтты қоспарып отырып.

Биыл ұшақтардың әдеттегіден көбірек кешігіп ұшқанын көлік министрі де растап отыр. Бірнеше әуежай күрделі жөндеуден өтіп, соның салдарынан әуежайларда ұшақтар сағаттап қаңтарылып тұрған.

Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:

Бізде, Қазақстанда кешігеді деп жатырсыздар, иә? Мысалы, бізде он айдың ішінде 76 мың ұшақ ұшты. Солардың мына әлемде «ұшу реттілігі» деген болады. Сонда 23 пайызы кешікті, 77 пайызы уақтылы ұшты. Дәл осындай индикатор басқа шетелдер де бар. АҚШ болсын, Еуропа елдері болсын.

Ұшақтардың кестеден қалып ұшуы мәселенің бер жағы ғана. «Эйр Астанаға» тиесілі әуе борттары түгел Ирландияда тіркеліпті. Бірақ депутаттар отандық компания ретінде көмекті миллиардтап Қазақстан Үкіметінен алатынына ренжулі.

Бақытжан Базарбек, Мәжіліс депутаты:

Біз «Эйр Астананың» флоты Кариб аралдарында, әсіресе Арубада тіркелгенін білеміз. Бұдан кейін барлық ұшақ Ирландияда қайта тіркеуден өтті. «Азаматтық авиация туралы» Конвенцияның 17-бабына сәйкес, әуе кемелері тіркелген мемлекеттің меншігінде. Конвенцияның жоғарыдағы талаптарына сәйкес, шын мәнінде «Эйр Астана» ирландиялық компания болып табылады.

Әуе қатынасын екі күннің бірінде пайланатын депутаттар осылайша бұған дейін жария етпеген біраз былықтың бетін ашты. Ал «Эйр Астана» басшысы көбіне «жазбаша жауап береміз» деумен тынды. Монополист компаниядан бөлек, көлік министрлігімен бірлесе, депутаттар транзит арқылы біздің елді кесіп өтетін жүк көліктеріне талапты күшейтетін норманы енгізуді назарға алды. Себебі: тас жолдарымызды талқандап кететін зілдей шетелдік көліктерден түсетін бізге пайда тым аз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде