{metadescription}
Алматыда 5600 ғимарат жер сілкінісіне төзімсіз
Алматыда 5600 ғимарат жер сілкінісіне төзімсіз

Алматыда 5600 ғимарат жер сілкінісіне төзімсіз

Алматыда 5600 ғимарат жер сілкінісіне төзімсіз. Бұл туралы қаланың бес жылдық жоспарының жобасында көрсетілген.

Мамандар 20 мыңнан аса нысанды тексеріпті. Оның қорытындысы бойынша, ғимараттардың 26 пайызы сейсмика тұрғысында қауіпті екені анықталған. Яғни 5600 нысанды зілзалаға төзімді етіп қайта жөндеу керек, не болмаса сүріп тастау қажет. Құжатта жыл сайын қаладан 80 шақырым радиуста 200-ге тарта әлсіз жер сілкінісі болатыны да жазылған. Жалпы Алматыда 27 тектоникалық жарық бар. Оның жартысынан көбі таулы аймақта орналасқан.

Алматы қаласын 2025 жылға дейінгі дамытудың бес жылдық жоспары жобасы:

— Қаланың сейсмикалық қауіпсіздік деңгейін бағалау үшін Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы «Еуростандарт» негізінде сейсмикалық шағын аудандастыру картасын әзірледі. Оған сәйкес, қала 9-10 балл сейсмикалық аймақта орналасқан. Жер сілкінісіне төзімділік талаптарына сәйкес келмейтін объектілер мен ғимараттарды анықтау үшін 2017-2018 және 2023-2024 жылдары 20 мыңнан астам нысанға паспорттау жүргізілді. Олардың 26 пайызы (5,6 мың объект) сейсмикалық күшейтуді немесе бұзуды талап етеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде