{metadescription}
«Сауда қызып тұр». Петропавлға шыршаны Ресей мен Даниядан жеткізіп жатыр
«Сауда қызып тұр». Петропавлға шыршаны Ресей мен Даниядан жеткізіп жатыр

«Сауда қызып тұр». Петропавлға шыршаны Ресей мен Даниядан жеткізіп жатыр

Петропавлда шырша саудасы қызып тұр. Тұрғындар, әсіресе, тірі өсімдік алуға тырысады. Жаңа жылдық әшекейдің бағасы әртүлі. Бес мыңнан 70 мың теңгеге дейін сатылып жатыр. Бірақ қылқан жапырақты өсімдіктерді біздің елде шабуға, кесуге тиым салынған. Сондықтан саудагерлер жаңа жылдың символы саналатын шыршаны Ресей мен Даниядан арнайы алғызуда. Базардағы бағаны КТК тілшісі тілшіміз біліп қайтты.

Қаладағы дүкендер мен дүңгіршіктердің іші мен сырты, сауда үйлері мен базарлардың маңайы, тіпті жол қиылысына дейін шырша сатып, жаңа жылдық әшекейдің түр-түрін жарқыратып қойған. Шаңыраққа шаттық сыйлайтын жаңа жыл символы болған қылқан жапырақтылардың бұл жерде екі түрі кездеседі. Бірі – кәдімгі қарағай, екіншісі – шырша. Бағасы да әр түрлі. Мәселен, биіктігі бір метр қарағай 5 мың теңге болса, шырша 7 мың теңгеден басталады. Биіктігі 3 метр қарағай 10-15 мың шамасында. Ал екіметрден асатын шырша табу қиынырақ. Оның бағасы 20 мың теңге. Қалтасы қалың адамға Даниядан әкелген Нордман самырсыны да бар. Ондай бір метір самырсынның бағасы – 70 мың теңге.

Наталья Альберт:

Шыршалар балалық шағымызды еске салады. Бұрын әке-шешеміз үйімізге осындай тірі шырша қоятын. Оның иісі де бөлек. Жасанды шыршаның сұлулығы да, сыйлайтын көңіл күйі де тірі шыршаға жетпейді. Мереке өткен соң әр жерде шашылып жатпауы үшін, қайта өңдеуге жіберуге болады. Шыршаларды бізге Ресейдің Сібірінен әкеледі. Орманның қалың өсіп, бір-біріне кедергі келтірген жерінен шауып алады. Бұның бәрі заң аясында істеледі.

Жаңа жыл символы – шырша. Бірақ шыршадан гөрі қолжетімді болған соң, оның орнын қарағай басқан. Базарға келген адамның көкейінде «шырша алсам ба?», «қарағай алған дұрыс па?» деген таңдау тұрады. Шырша сұлуырақ болғанымен, оның қылқаны екі аптадан соң түсе бастайды. Ал, қарағай бір айдан астам уақыт үйіңізді жұпар иіске бөлейді.

Алексей Федоров, сатушы:

Бізге бұл шыршалар Ресейден жеткізіледі. Мынау Екатеринбургтен әкелген шырша. Алдымен бүкіл құжаттарын әзірлейміз. Шыршаны аранайы рұқсат қағазымен шауып алады. Оның ешқандай ауруы болмауы керек, құрт-құмырсқа, басқа да паразиттерден ада күйінде жеткізіледі

Ал еліміздің орманшылары күндіз-түні қара орманды көзінің қарашығындай қорып, қос құлақты ара мен балталы браконьерлерден сақтау үшін барын салуда. Мәселен, Көкшетаудағы аумағы 23 мың гектардай «Бұқпа» орман шаруашылығында желтоқсаннан қаңтар айына дейін 5 мобильді бригада жұмыс істеуде.

Ғалымбек Батталов, «Бұқпа» орман шаруашылығының директоры:

Территориямыздың алаңы үлкен. Жұмыс көп, Жазда өрттен сақтаймыз, заңсыз кесуден, аңдарды атпау үшін. Біздің орманшылар бүкіл жағдайды жасап жатыр.

Қорықшылар заңсыз орман отағандарды ұстап, шырша сатушылармен күреседі. Ұсталған адамға төрт жүз мың теңге көлемінде айыппұл салынбақ. Себебі қарағай мен шыршаның бір метр болып өсуіне бақандай он жыл уақыт керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде