{metadescription}
«Таза Қазақстан»: Биыл 1 млн 600 мың түп көшет отырғызылды
«Таза Қазақстан»: Биыл 1 млн 600 мың түп көшет отырғызылды

«Таза Қазақстан»: Биыл 1 млн 600 мың түп көшет отырғызылды

Қазақстанда биыл 1 миллион 600 мың түп көшет отырғызылып, миллион тоннадан астам қоқыс жиналыпты. Бұл «Таза Қазақстан» акциясының арқасы. Енді еліне жанашыр әрбір тұрғын экологиялық заң бұзушылықты байқаған болса, арнайы цифрлық платформа арқылы құзырлы органдарға хабар бере алады.

Биыл наурыз айында басталған шараға 6 миллионға жуық адам қатысқан. Экологияны жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыс тек шашылған қоқысты жинаумен шектелмейді. Арнайы рейдтер барысында автокөліктерге дейін тексеріліп, экология стандартын бұзғандарға айыппұл салыныпты. Рұқсат етілмеген қоқыс орындарын анықтау және абаттандыру мен көгалдандыруды жүзеге асырылған. Бұл жұмысқа мемлекеттік құрылымдар мен жеке ұйымдар ғана емес, 90 мыңнан аса ерікті қатысты.

Айнаш Қойшыбаева, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспаөз хатшысы:

Мақсат тек қоқыстан тазалау емес экологиялық сананы өзгерту, өскелең ұрпаққа экология мәдениетін қалыптастыру. Бұл міндетті түрде жалғасын табады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде