{metadescription}
Қазақ ұлттық консерваториясына — 80 жыл. Жүздеген өнерпаз бір сахнаға жиналды
Қазақ ұлттық консерваториясына — 80 жыл. Жүздеген өнерпаз бір сахнаға жиналды

Қазақ ұлттық консерваториясына — 80 жыл. Жүздеген өнерпаз бір сахнаға жиналды

Алматыда жүздеген өнерпазды бір сахнаға жинаған гала-концерт өтті. Салтанатты шара Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған мерейтойға орай ұйымдастырылып отыр.

Аршат Шәріп, Нұрсұлтан Назарбаев қорының стипендиаты:

Бүгінгі шара, жалпы осы күнге дейін өткізілген барлық жиын Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен өтуде. Сондықтан, алдымен, біз осы Қорға алғыс білдіреміз. Мен өзім стипендиат ретінде өнер адамдарының жұмысын белсенді түрде насихаттауға тырысамын. Өйткені шығармашылық туындыларды көрсету, оны үгіттеу  өскелең ұрпақатың алдындағы басты міндет.

Кеште консерватория ұжымы көрермендерге бірнеше сағатқа созылған концерт қойды. Этно-фольклор ансамбль мүшелері мен симфония оркестрі қазақ композиторлары мен әлем классиктерінің туындыларын орындады.

Мерейтой марафоны 35-тен аса іс-шараны қамтыған. Бір айдың ішінде шеберлік сабақтар, шығармашылық кездесулер, халықаралық конференциялар мен көрмелер өткізілді. Ұлттық музыканың қара шаңырағы консерватория ұжымын қазақ және әлем жұлдыздары құттықтады. Атап айтсақ, Бибігүл Төлегенова, Нұржамал Үсенбаева, Александр Зацепин және тағы басқа өнер иелері жылы лебізін білдірді.

Анатолий Гайсин, Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры:

Мен мұнда 40 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келемін. Қазіргі студенттердің шеберлігі бұрынғылармен салыстырғанда әлдеқайда асып түседі. Бұған дейін мұндай мерейтойға арналған концерттер, ауқымды марафондар болмады. Өткізіліп отырған шараның барлығы да біздің деңгейіміздің көтерілгенін дәлелдейді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде