Петропавл: Көзіне пышақ қадалған сәбидің анасына қылмыстық іс қозғалды
Петропавлда көзіне пышақ қадалған сәбидің анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Егер оның кінәсі дәлелденсе, жарты миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуі немесе 40 тәулікке қамалуы мүмкін.
Автор: Мерген Тоқсанбай
24.12.2024
Нұрбек Баекин, СҚО ПД баспасөз қызметінің аға инспекторы:
— Аталған факті бойынша кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндетін орындамау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Істің мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр. Нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.
Еске салсақ, 19 қазан күні үш жасар бүлдіршіннің көзіне пышақ кіріп кеткен. Бес күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан баланың жағдайы әлі де ауыр. Анасының айтуы бойынша, баласы ойнап жүріп орындықтан пышақтың үстіне құлаған. Ауруханаға ес-түссіз жеткізілген кішкентай науқасқа дәрігерлер бірнеше ауыр диагноз қойып отыр. Өйткені баланың бас сүйегі зақымданып, сол көзі жараланып, миына қан құйылған. Оқиғаның жай-жапсарын анықтау үшін іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!