Алматыда күзет жасағының көлігінен қашып кеткен азамат ұсталды
Жиырма күн өткенде қолға түсірді. Алматыда күзет жасағының көлігінен қашып кеткен азамат ұсталды. Полицейлер қашқынды Алматы облысындағы жер үйлердің бірінен тапқан.
Автор: Шапағат Мырзабекова
24.12.2024
Еске салсақ, 28 жастағы Қуандық Әубакри үш аптадай бұрын айдауылдау көлігінен шығып, іс-түссіз жоғалып кеткен. Қазір күдікті қамауда. Оған өзгенің мүлкін ұрлады деген айып тағылып отыр. Енді азамат қашып кеткені үшін де жауапқа тартылмақ. Бұл ісі үшін ол үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Полицейлер сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті.
Салтанат Әзірбек, Алматы ПД ресми өкілі:
— Іздестіру шаралары полиция қызметкерлерін Алматы облысына тиесілі ауылға алып келді. Бұл ауылда тығылып отырған, басқа жаққа қашып кетпек ойы бар еді. Қазір бұл азамат өзінің бөтеннің мүлкін ұрлады дерегіне қоса, айдауылдау көлігінен қашып кету дерегі бойынша міндетті түрде жауапқа тартылады. Осы дерек бойынша сот алды тергеу басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!