{metadescription}
Бірыңғай уақыттың адамға әсерін зерттеу құны 54 миллионға қысқартылды
Бірыңғай уақыттың адамға әсерін зерттеу құны 54 миллионға қысқартылды

Бірыңғай уақыттың адамға әсерін зерттеу құны 54 миллионға қысқартылды

Бірыңғай уақыттың ел азаматтарына әсерін зерттеу құны да біршама арзандады. Басында бұл шараға 160 миллион теңге бөлу жоспарланған. Кейін ол сома 54 миллионға дейін қысқарыпты.

Ғылым және жоғары білім министрлігі зерттеудің аяқасты неге арзандап кеткенін түсіндірмеген. Сайтында жарияланған 28 бет хабарламасында зерттеудің мақсатын егжей-тегжей түсіндіріпті. Яғни ғалымдар бірыңғай уақыт белдеуіне ауысу адам ағзасына психикалық, физикалық тұрғыда қаншалықты кері әсер етті деген сұраққа ғылыми дәлелмен жауап табуға тиіс. Ол үшін мамандар еліміздің түкпір-түкпірінде тұратын халықтың жаңа уақыт белдеуіне ауысқаннан кейінгі бейімделуін, жүрек, қан тамырлары, жүйке ауруларының өсу деңгейіне дейін қадағалайды. Уақытты кері қайтаруға қатысты мәселеге де осы зерттеу нәтижесіне байланысты нүкте қойылмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде