Ағайын-туысын алдап зар илеткен азаматқа сот үкімі шықты
Ағайын-туысты алдап, абақтыға кетті. Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты жегжат-жұрағатынан бастап, қайын жұртына дейін зар илеткен азаматқа үкім кесті.
Автор: Айжан Шамшидин
24.12.2024
Сотталушы айналдырған жарты жылдың ішінде туыстарына «Кореядан тиімді бағада көлік алып беремін» деп, уәдені үйіп-төккен. Бұдан бөлек, «мемлекеттік бағдарламамен баспана алуға көмектесемін» деген желеумен әйелінің туыстарын да қитұрқы жоспарына тартып үлгерген. Қомақты қаражат ай сайын өз шотына түсіп отырған. Арам пиғылды туысқанына алданған азаматтардың саны бүгінде 15-ке жетіпті. Келтірген шығыны 57 миллион теңгеден асады. Сотта өз кінәсін толық мойындап, кәмелетке толмаған кішкентай баласын ескере отырып, судья алты жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!