Базарда сатылған еттің бәрі адал ас емес
Базарда сатылған еттің бәрі адал ас емес. Жылда санитарлық талап күшейді дегенімізбен, еліміздің сауда нүктелерінде көршілес мемлекеттерден заңсыз тасымалданған мал етін сату фактілері әлі азаймай тұр.
Автор: Айжан Шамшидин
24.12.2024
Биылдың өзінде Қытайдан заңсыз әкелінген 37 тонна құс еті тәркіленген. Бұл туралы бүгін Мәжілісте айтылды. Мұндай әрекетке барғандарды қылмыстық жауапқа артқанымызбен, көрші елдің малшыларымен байланыс ұстап, әлі күнге дейін ірі қара мен қой етін контрабанда жолмен тасымалдағандың ізін кесу мүмкін болмай тұр. Мамандар мұның барлығына елімізде нормаға сай қасапханалардың тапшылығы себеп деп отыр. Арнайы жабдықталған, кемі, 1500 қасапхана болған жағдайда ғана жағдай түзеледі, деп сенеді жауапты сала басшылары.
Қазыбек Әлішев Мәжіліс депутаты:
— Біздің елімізден шетелге малдар заңсыз шығып жатыр. Оның бір мысалы, Қырғызстанмен арадағы шекара. Мына екі арада шатқал бар. Сол ешқалай бекітілмеген. Жазық жердің барлығында шекарамыз қоршалған. Екі шатқалдың арасынан мал еті өткізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!