Астанада шетелдік бес азамат ломбардты тонап кетті
Астанада шетелдік бес азамат ломбардты тонап кетті. Құны 45 миллион теңгенің алтын бұйымдарын үптеп кеткен ұрылар, олжасын арқалап батысқа бір-ақ тартқан. Олар Орал қаласында ұсталды.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
24.12.2024
Ломбард тапа-тал түсте тоналған. Қылмысқа алдын ала әзірленген топ есіктің кілтін қолға түсірсе керек. Сөйтіп оңтайлы сәтін күткен. Ұрылар қараңғы кешті күтпей-ақ, қызметкерлердің түскі асқа шыққан сәтін пайдаланып, есікті кілтпен өздері ашып кіріпті. Сөйтіп 654 дана алтын әшекей мен кассадағы 1 жарым миллион теңгені сыпырып кеткен. Алтын арқалаған бес сыбайлас ізін суыту үшін Орал қаласына жол тартқанымен, көп кешікпен қолға түсті.
Эльмира Шәуленова, Астана ПД баспасөз қызметінің басшысы:
— Жедел іздестіру нәтижесінде полиция қызметкерлері ер адамдарды Орал қаласындағы үйлердің бірінің ауласында ұстады. Онда олар тұрғын үйді жалға алуға тырысқан. Күдіктілер басқа мемлекеттің азаматтары екені анықталды. Қазіргі олар қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!