Қарағандыда кибералаяқтықпен айналысқан 22 жастағы шетел азаматы ұсталды
Қарағандыда талайды сан соқтырған 22 жастағы шетел азаматы ұсталды. Кибералаяқтықпен айналысқан күдіктінің үйінен арнайы дыбыс күшейтетін қондырғы, ноутбук және өзге де техникалар табылған.
Автор: Жаңалық Ахаш
24.12.2024
Ресей азаматы Қарағандыда пәтер жалдап тұрған. Осы жерден қоңырау шалып, өзін банк қызметкері немесе тәртіп сақшысы ретінде таныстырып отырған. Қармағына түскен құрбандарына банкттен несие рәсімдетіп, ақшасын өзіне аударып алған. Оның пәтерінен екі мыңнан аса телефонның СИМ-картасы табылды. Оның 48-ін пайдаланып үлгерген. Бұдан бөлек, планшет, ноутбук пен ұялы телефонға қажетті құрылғылар табылды. Қазір телефон алаяқтығымен айналысқан шетелдік азамат қамауда отыр.
Бақытжан Құдияров, Қарағанды облысы ПД ресми өкілі:
— Тәркіленген құрал-жабдыққа қатысты 48 абонент нөмірден азаматтарға қоңырау жасағаны анықталды. Күдіктінің басқа алаяқтық эпизодтарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті прокуратураның келісімімен қамауға алынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!