{metadescription}
Түркияда жарылғыш заттарды шығаратын зауытта жарылыс болды
Түркияда жарылғыш заттарды шығаратын зауытта жарылыс болды

Түркияда жарылғыш заттарды шығаратын зауытта жарылыс болды

Түркияда жарылғыш заттарды шығаратын зауытта жарылыс болды. Соңғы мәлімет бойынша 12 адам ажал құшқан. Қайғылы оқиға елдің солтүстік-батысындағы Кауақлы ауылында болған.

Куәгерлердің сөзінше, жарылыстың қатты болғаны сонша, оны көрші ауылдың да тұрғындары да сезген. Алдымен зауыттың терезелері мен қабырғалары шытынап, артынша ғимарат түгел қирап қалды. Оқыс оқиғадан тағы бес адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Үйіндінің астында қалып қойғандар әлі де іздестіріліп жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс өндіріс цехында болған көрінеді. Сол сәтте зауытта бір ауысымда 20 адам жұмыс істеп жатқан. Түркияның ішкі істер министрі «лаңкестік әрекет емес» деді. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Мемлекет басшысы Режеп Ердоған қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде