{metadescription}
Ресейде көп әйел алуға қайтадан тыйым салынды
Ресейде көп әйел алуға қайтадан тыйым салынды

Ресейде көп әйел алуға қайтадан тыйым салынды

Ресейде көп әйел алуға қайтадан тыйым салынды. Діни басқарманың ғұламалар кеңесі арада бір апта өтпей жатып, бұл пәтуаның күшін жойды.

Ресей бас прокуратурасы аталған шешім РФ «Отбасы және неке туралы» заңына қайшы келеді деп тапқан әрі көп әйел алуға берілген рұқсат жергілікті тұрғындардың наразылығын туғызды. Сондықтан діндарлар пәтуаны қайтарып алуға мәжбүр болған.

Еске салсақ, өткен аптада Ресейдегі мүфтият шариғат бойынша төрт ретке дейін неке қиюға болатынын мәлімдеген. Бірақ бұл үшін бірнеше шарт қойған-ды. Мәселен, жұбайының денсаулығына байланысты бала көтере алмаса, репродуктивті жас аяқталса немесе ерлі-зайыптының жыныстық үйлесімсіздігі болса ғана көп әйел алуға болады деген еді. Сонымен қатар ер адам жаңа некеге тұру ниетін қазіргі жұбайына міндетті түрде айтуға тиіс болған. Бірақ енді көп некелі болуға жол берілмейтін болды. РФ Конституциясы бойынша да мемлекеттік органда тіркелген бір неке ғана мойындалады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде