{metadescription}
Жаңа жыл қарсаңында 685 келі заңсыз сатылып жатқан петарда тәркіленді
Жаңа жыл қарсаңында 685 келі заңсыз сатылып жатқан петарда тәркіленді

Жаңа жыл қарсаңында 685 келі заңсыз сатылып жатқан петарда тәркіленді

Отшашу — баланың ойыншығы емес. Жаңа жыл қарсаңында полицейлер тексеріс жүргізіп, 685 келі заңсыз сатылып жатқан петарданы тәркіледі. Сертификаты жоқ тауардан бала түгілі, ересектердің өзі жарақат алып жатады. Мамандар мереке күндері емін-еркін саудаланатын тарсылдақты балалардың сатып алмауын қадағалауды сұрайды. Мәселен, былтыр 30-дан астам жеткіншек отшашудан зардап шегіп, күрделі ота жасатқан.

Жылдағы қарбалас. Жаңа жыл жақындаған сайын базарлар, дүкен сөрелерінде жалт-жұлт еткен атылғыш заттар қаптап тұр. Түрлі -түсті орамасы көз тартады. Ал мамандар, оны сатып алушылар қалай қолдану керектігіне бас ауыртпайды. Сондықтан оқыс жағдайға тап болады дейді. Дәрігерлер одан көбінесе балалардың зардап шегетінін айтады. Былтыр 30-дан астам баланың көзіне шоғы тиіп, қол-аяғы күйіп ауруханаға түскен.

Әділжан Нұров, Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының травматологы

Күйік жарақаты болады, жарылады, тесіледі, шашылады. Соның бәрі көбінесе адамның ағзасына, өміріне қажетті болатын қолға келеді// Бұл жарақаттар көбінесе оталық ем арқылы қалыпқа келтірумен ғана түзеледі. 06/14 Күйік жаралары, жаралары тігіледі. Сынықтары болатын болса оны қалпына келтіріп, темір салынып, бір қалыпқа келтіріп емделеді.

Петардадан зардап шеккендердің басым бөлігі 12-16 жас аралығындағы жасөспірімдер екен. Олар жерде жатқан, толық атылмай қалған тарсылдақтарды өзі тұтандырмақ болады да, оңбай күйіп қалады.

Константин Канин, Алматы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы:

Статистикаға сүйенсек, жыл сайын жаңа жыл қарсаңында төтенше жағдай көп тіркеледі. Ол көбіне пиротехникақолдану әсерінен болады. Адамдар көп жағдайда қауіпсіздік ережесін сақтамайды. Автотұрақ, үйдің маңайы, ғимараттың жаны сияқты орындарда қолданады. Негізінде отшашу құралдарын 18 жасқа дейінгі балаларға өздігінен қолдануға қатаң тыйым салынған.

Қауіпсіздік ережесіне сүйенсек, тарсылдақтар жазық алаңда атылуы тиіс. Яғни үйден 50 метр алшақтықта қолдану керек. Сондай-ақ тұтандыру кезінде қораптың үстіне еңкейіп қарамау керек. Әрі бықсып жатқан пиротехниканы жандыруға тырыспағаныңыз абзал.

Отшашуды сатып аларда сыртына аса мән берген жөн. Бүтін және су тимеген болуы керек. Бүлінген бұйымнан оқыс жағдай болуы мүмкін. Сондай-ақ тарсылдықтардың сапа туралы сертификатын ұялмай сұраған дұрыс. Онда шығарған зауыт, дайындалған күні сияқты маңызды ақпарат көрсетіледі.

Кәсіпкер Азим Мәсімов он жылдан бері петарда сатумен айналысады. Оның дүкенінде жаңа жыл қарсаңында сауда қыза түседі. Бірақ ер адам әр келушіні қауіпсіздік ережелерімен таныстырып барып өнімді ұсынады.

Азим Мәсімов, кәсіпкер:

Көп адам қолдану нұсқасына, жарамдылық мерзіміне қарай бермейді. Оны тіпті оқымайды да. Егер өміріңізге қауіп төнбеуін қаласаңыз, пиротехниканы аннан-мұннан сатып алмаңыз. Әсіресе көшеде, суықта сатылатын құралдарға жоламау керек. Себебі олар суықтан дымқылданып қалады. Оның арты жарылысқа, кұйік жарақатқа әкеледі.

Тәртіп сақшылары мен төтеншеліктер пиротехникаларға жаппай рейд жүргізуде. Заңсыз сатқандарды айыппұлмен жазалайды.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

Бесінші желтоқсаннан бастап осындай 46 рейдтік шара ұйымдастырылған болатын. Қаламыздағы 17 сату орындары тексерілді. Нәтижиесінде, заңсыз айналымнан 685 келі пиротехникалық өнімдер тәркіленді. 06/09 Әкімшілік кодекстің 196 бабының нормаларына сәйкес заңды тұлғаларға 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін айыппұл көзделген.

Қорыта айтқанда, пиротехникалық өнімдермен абай болу керек. Жақында ғана Алматы облысында осы отшашу тиелген жүк көлігі отқа оранған. Оқиға Алматы-Шелек-Қорғас тас жолында болып, абырой болғанда адамдар аман. Ал жыл басында 13 және 16 жастағы жасөспірімдер тарсылдақты атамын деп бірі қолының саусағынан, екіншісі көзінен жарақат алған болатын. Қайта дәрігерлер оларға дер кезінде күрделі ота жасап қалпына келтірген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде