Индербор тұрғындары Атырауда Пшөн есімді итке ескерткіш орнатпақ
Атырауда Пшөнге ескерткіш қойылмақ. Тасқын кезінде тұрғындарға көмектескен төрт аяқты мақұлықтың мүсіні темірден жасалған. Оны Индербор ауылының тұрғыны дайындаған.
Автор: Жанат Молдашова
24.12.2024
Алайда Азамат Кенжеғалиев итке ескерткіш орнату туралы ешкімнен тапсырма түспегенін айтады. Өз қиялынан шыққан туындыны көктемгі тасқында танылған Пшөн деген итке арнаған.
Айта кетейік, құм салынған қап тасып, иесіне бөгет тұрғызуға көмектесткен бұл ит желі жұлдызына айналған. Алайда өткен айда оны ветеринарлар көшеде атып өлтірген еді. Бұған халық наразылық білдіріп, тіпті итті өлтіргендерге қатысты қылмыстық іс те қозғалды. Әзірге нақты кімнің кінәлі екені белгісіз. Осы оқиғадан кейін кейбір белсенділер «Пшөнге ескерткіш орнатайық» деп бастама көтерген. Ескерткішті 45 жастағы мүсінші темірден жасапты.
Азамат Кенжеғалиев, мүсінші:
— Ешкім тапсырыс берген жоқ. Өзім шабыт келгесін, осы жағдайды естіп жасағаным ғой. Жаным ашыды. Темірден жасалған жүрек тәріздес, мозаика.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!