«Шымбұлақта» сырғанау жолағымен — шаңғы маусымы ашылды
Алматыда «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешенінде шаңғы маусымы ашылды. Қазір Алатаудың баурайында орналасқан сырғанау алаңдары толық іске қосылған. Шаңғышылар мен сноубордшыларға жолдар күндіз де, түнде де қызмет көрсетуге әзір. Демалыс орнының биылғы жаңалығы жаңадан үйренушілер үшін арнайы сырғанау жолағы ашылды. Ол балалармен қоса, ересектерге де арналған. Тау курортының мамандары биыл келушілер саны былтырғыдан көп болады деп болжап отыр.
Автор: Ақтоты Жұмабек
24.12.2024
Елдос Құрсабаев, "Шымбұлақ" ТШК Шаңғы қызметі департаментінің басшысы:
— Шымбұлақ тау курорты биыл сырғанау маусымына толық дайын. Қонақтарға бар мүмкіндікті жасауға тырысып жатырмыз. Басты жаңалықтардың бірі — қанатты жол аштық, жаңа үйренушілерге. Ол қанатты жол қонақтарға кептелісте тұрмауға мүмкіндік береді. Бәріне мәлім, жыл сайын Шымбұлаққа сырғанауға келуге адамдар саны өсіп жатыр.
Жалпы демалыс курортында қала тұрғындары мен қонақтары үшін шаңғы және сноубордпен сырғанауына барлық жағдай жасалған. Биылдан бастап шаңғыны енді үйренуші балалар мен ересектер үшін бөлек жолақ ашылды.
Айта кетейік, курорт жанынан шаңғы тебуді үйрететін арнайы мектеп бар. Онда шаңғы үйретушы 100-ге жуық маман жұмыс істейді. Бұл жастарды кәсіби тұрғыда спортқа баулып, айтулы жарыстарға да қатысуға мүмкіндік береді.
Еске салсақ, былтыр Шымбұлақ кешеніне бір жарым миллионнан астам саяхатшы келіпті. Көне шаһардың көркіне көзайым болып демалыс маусымын Шымбұлақпен байланыстыратын шетелдіктердің көбін Қытай мен Үндістан азаматтары құраса, қос мемлекеттен кейін Малайзия, сингапурлықтардың үлесі басым. Сондай-ақ қауіпсіздік мәселесі де назардан тыс қалмаған. Мамандардың айтуынша 10-нан аса құтқарушы жұмыс істейді.
Павел Майоров, құтқарушы:
— Үш құтқару пункті жұмыс сітейді. Құтқарушы тексеру үшін ең жақын орналасқан нүктеден барады. Төтенше жағдай кезінде әртүрлі ақпарат көзінен мәлімет аламыз. Мәселен, бұл туралы атқа мінген адамдар да хабарлай алады немесе радио арқылы кезекші айтады. Сынық немесе қандай да бір жарақат алған жағдайда біз ең жақын ауруханаға апарамыз немесе жағдайға байланысты жедел жәрдем шақырып, алғашқы көмек көрсетеміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!