{metadescription}
Қытайға саяхат: Қысқы спорт, Жібек жолы, жайлау, ат спорты, ежелгі тарих
Қытайға саяхат: Қысқы спорт, Жібек жолы, жайлау, ат спорты, ежелгі тарих

Қытайға саяхат: Қысқы спорт, Жібек жолы, жайлау, ат спорты, ежелгі тарих

Қытай туристерді тұмса табиғатын тамашалауға шақырады. Шыңжаңда қысқы спорттың қайнаған кезі. Саяхатшылар Алтайдан бастап, «Жібек жолы», «Көлденең» жайлауы мен «Генерал» тауларында шаңғы теуіп, демалуына мүмкіндік бар. Ат спорты дамыған Құлжа қаласы да келушілерді қабылдауға дайын. Ал көне Тұрпан қаласында да Қытайдың ежелгі тарихымен танысуға мүмкіндік бар. Осындай көрікті жерді КТК тілшісі көріп келді.

Қарт Алтайдың қарлы шыңы, табиғаты мен саф таза ауасы кез келген туристі баурап алады. Аймақта шаңғы спорты өте жақсы дамыған. Шаңғы курортына келушелерге барлық жағдай жасалған. Ұзындығы 70 шақырымдық 72 сырғанау жолы. Бұл жерге тек спортшылар ғана емес, әуесой шаңғы тебушілер де жиі келеді, еңкейген қариядан, алты жастағы балаға дейін шаңғы тебеді.

Алтайдың өзінде дәл осындай төрт шаңғы курорты бар. Ал «Генерал» тауы, әсіресе, қыз мезгілінде танымал орындардың бірі болып саналады екен. Өйткені бұл демалыс орны сағатына мың емес, бірден 16 мың саяхатшыны қабылдай алады.

Ділдә Нәби, ҚХР Алтай аймағы мәдениет-спорт, радио-телевизия және туризм мекемесінің басшысы:

Соңғы бір жылда 83 миллионнан астам адам келген. Мұнда шаңғы тебуге болады: жалпы ұзындығы 70 шақырымды құрайтын 72 қар жолы бар. Екі беткей Халықаралық қар федерациясымен сертификатталған. Қазанның аяғынан сәуірдің басына дейін қарлы кезең. Демалуға да болады: аумақта қонақ үйлер, сауда орталықтары, мейрамханалар мен барлар, СПА-салондары бар.

Келушілер мұнда ежелгі әдіспен жасалатын шаңғыларды сатып ала алады. Алтай қаласының іргесіндегі Ноғайты ауылында тұратын Сіләмбек Сағынышұлы байырғы қар шаңғысы материалдық мұрасының жалғастырушы, мұрагері ретінде танылған.

Сіләмбек Сағынышұлы, шаңғы жасаушы маман:

Осыны 15-16 жасымнан бастап әкемнен үйренгем. Жылына, кем дегенде, 50-60 шаңғы жасап шығарам. Тапсырыс көп. Бір шаңғыны жасауға бір апта уақыт кетеді. Оның ағашын шабасыз, кептіресіз, терісін жөндейсіз. Саяхатшылар көп алып жатыр. Ішкі өлкеден келеді, тіпті шетелден келіп алып жатқандар да бар.

Қытай асыл тұқымды жылқылармен де әлемге әйгілі. Құлжа қаласында оларды баптап ұстайтын ферма да бар. Бұл жерде 15 түрлі жылқының тұқымын көруге болады. Көбі шетелден әкелінген.

Халықаралық олимпиадаға қатысатын спортшылардың киімдері осы зауытта тігіледі. Кәдімгі түйе жүнінен жасалады. Зауыттың жұмыс істеп жатқанына 36 жыл болған. Бұл жерде киім-кешектен бөлек, төсек-жабдықтарын да шығарады.

Ли Юй Мэй, зауыт басшысы:

Біздің өнім 100 пайыз табиғи өнім. Таза түйенің жүнінен жасалады. 13 мемлекетке 2005 жылдан бері экспорттаймыз. Мәселен, Франция, Жапония, Оңтүсік Корея, Нью-Йорк және кейбір Еуропа елдері де бар. Сондай-ақ Орталық Азия да бізді танығанын қалаймыз. Қазір сол үшін жұмыс істеп жатырмыз. Өзіміздің брендті жоғары дейгейде көрсеткіміз келеді.

Ал Үрімжі маңындағы Тұрпан қаласы қазір мұражай ретінде танылған. Екі мың жылдық тарихы бар қала білім-ғылымның, сауданың нағыз қайнаған ошағы. Байырғылардың тұрмыс-салтынан сыр шертетін мекендегі ғимараттардың біздің заманымызға дейін сақталуы ұсталардың шеберлігінің арқасында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде